Птеригиум
ПТЕРИГИУМ – конъюнктиваның қасаң қабықтың бетіне үшбұрыш пішіндес болып қатерсіз өсуі. Көп жағдайда ультрафиолеттің ұзақ әсерінен, көз құрғақтығынан және созылмалы тітіркеніден пайда болады.
- Консервативті ем
Профилактика мақсатында және алдыңғы дәрежелерінде пайдаланылады
Көрсеткіштері;
- Көру қабілетіне әсер етпейтін улкен көлемді емес птеригиум
- Қабыну және қызару (қатты өсу жоқ)
Әдістері:
- Көз ылғалдандыратын тамшылар (жасанды көзжасы)
- Қабынуға қарсы дәрілер (СЕҚҚД. кортикостероидтар)
- УФ – сәуледен қорғау: UV – фильтрі бар күннен қорғайтын көзілдірік тағу
Эффективтілігі:
- Өсуін тежейді, бірақ толық кетірмейді
- Үзбей пайдалануды талап етеді
- Птеригиумның хирургиялық емі
Көру қабілеті төмендегенде, косметикалық дискомфорт кезінед және айқын өсу кезінде жасалады
Көрсеткіштері:
- Көру қабілетін төмендете отырып, қарашықты жауып тұрады
- Емге көнбейтін айқын қабыну
- Тез өсу
Операция әдістері:
- Қарапайым кесу – өскен тінді кесіп алып тастау
Кемшілігі – қайта өсу (рецидив) ықтималдылығының жоғары болуы (30 – 50%)
- Конъюнктива аутопластикасымен жасалатын әдіс – птеригиумді кесіп алған соң, орнындағы дефектті пациенттің өз конъюнктивасынан алынған лоскутпен жабады.
Артықшылығы – қайта өсу (рецидив) ықтималдылығының төмен болуы (5 – 10%).
- Лазерлі ем
Птеригиумның хирургиялық еміне қосымша әдіс болып табылады. Эксимерлі лазер птеригиум алынғаннан кейінгі қасаң қабықтың зақымдалған аймағын тегістейді, әрі қантамырларды коагуляцалайды.
Артықшылығы:
- Қан кетудің аз болуы
- Нақты әрі дәлірек әсер ету көрсеткіші