Катаракта – көрі қабілетінің біртіндеп нашарлауына алып келетін көз бұршағының бұлыңғырлануы. Оның негізгі емі – хирургиялық операция. Операция барысында бұлыңғырланған көз бұршағы алынып, орнына жасанды интраокулярлы линза (ИОЛ) орнатылады.
Көрі қабілетін қалпына келтірудің жалғыз жолы – хирургиялық ем, яғни көз бұршағы орнына жасанды интраокулярлы линза (ИОЛ) орнату.
Монофокалды ИОЛ
Көру қабілеті бір бағытқа жақсы болады (көп жағдайда – алысқа), оқуға қосымша көзілдірік қажет болуы мүмкін.
Монофокалды торичкалық ИОЛ
Көру қабілеті бір бағытқа жақсы болады, қосымша астигматизм түзеледі.
Мультифокалды (трифокалды) ИОЛ
Әртүрлі арақашықтықта (алыс, жақын, орташа арақашықтық) жақсы көру қабілетін қамтамасыз ететін бірнеше фокусты аймақтары бар.
Мультифокалды торикалық ИОЛ
Әртүрлі арақашықтықта (алыс, жақын, орташа арақашықтық) жақсы көру қабілетін қамтамасыз ететін бірнеше фокусты аймақтары бар, қосымша астигматизм түзеледі.
EDOF – линзалар (Extended Depth of Focus, артық фокус тереңдігі деген мағына береді)
Мультифокалды линзалардың эволюциялық жалғасуы болып табылады. Фокусты соза отырып, аралық пен алыс арақашықтықта үзілмейтін көру қабілетін қамтамасыз етеді.
Қабылдауға жазылу
Форманы толтырыңыз біз сізбен жақын арада хабарласамыз