Катаракта және ИОЛ
Катаракта – көрі қабілетінің біртіндеп нашарлауына алып келетін көз бұршағының бұлыңғырлануы. Оның негізгі емі – хирургиялық операция. Операция барысында бұлыңғырланған көз бұршағы алынып, орнына жасанды интраокулярлы линза (ИОЛ) орнатылады.
Көрі қабілетін қалпына келтірудің жалғыз жолы – хирургиялық ем, яғни көз бұршағы орнына жасанды интраокулярлы линза (ИОЛ) орнату.
- Монофокалды ИОЛ
Көру қабілеті бір бағытқа жақсы болады (көп жағдайда – алысқа), оқуға қосымша көзілдірік қажет болуы мүмкін.
- Монофокалды торичкалық ИОЛ
Көру қабілеті бір бағытқа жақсы болады, қосымша астигматизм түзеледі.
- Мультифокалды (трифокалды) ИОЛ
Әртүрлі арақашықтықта (алыс, жақын, орташа арақашықтық) жақсы көру қабілетін қамтамасыз ететін бірнеше фокусты аймақтары бар.
- Мультифокалды торикалық ИОЛ
Әртүрлі арақашықтықта (алыс, жақын, орташа арақашықтық) жақсы көру қабілетін қамтамасыз ететін бірнеше фокусты аймақтары бар, қосымша астигматизм түзеледі.
- EDOF – линзалар (Extended Depth of Focus, артық фокус тереңдігі деген мағына береді)
Мультифокалды линзалардың эволюциялық жалғасуы болып табылады. Фокусты соза отырып, аралық пен алыс арақашықтықта үзілмейтін көру қабілетін қамтамасыз етеді.