Көруді лазерлік түзету

Көруді лазерлік түзету – бұл жақыннан көргіштік (миопия), алыстан көргіштік (гиперметрпия)және астигматизм кезіндегі көрі қабілеті өзгерістерін қалпына келтірудің заманауи әдісі. Бұл әдіс қасаң қабықтың формасын өзгерте  отырып, жарықтың торлы қабықта дұрыс фокусталуына мүмкіндік береді.

 

Негізгі әдістері

ФРК (Фоторефрактивті кератэктомия) РТК

Принципі: Лазер қасаң қабықтың беткей қабатын алып (эпителий), содан оның стромалды қабатын буландыру арқылы рефракцяны түзейді.

Көрсеткіштері:

Миопия (-6D дейін)

Гиперметропия (+3D дейін)

Астигматизм (-3D дейін)

Ерекшеліктері:

Ұзақ қалпына келу (3 – 7 күн)

Көру қабілетінің толық қалпына келуі 3 – 4 апта көлемінде

Жұқа қасаң қабығы бар пациенттерге сай келеді

 

ФРК StreamLight жоғарыда көрсетілген әдістің модификацияланған түрі болып саналады, қысқа мерзімде қалпына келу (2 – 3 күн) мен

көру қабілетінің тез қалпына келуімен (10 – 14 күн) ерекшеленеді.

 

Lasik (Лазерлі кератомилез in situ)

Принцип: микрокератоммен (пышақ) қасаң қабықта қақпақ (лоскут) жасалады, содан кейін эксимерлі лазермен қасаң қабық формасы түзеледі.

Көрсеткіштері:

Миопия (-12D дейін)

Гиперметропия (+6D дейін)

Астигматизм (-6D дейін)

Ерекшеліктері:

Тез қалпына келу (1 тәулік)

Минималды дискомфорт

 

Femto – Lasik

Принцип: Lasik әдісіне ұқсас, қақпақ (лоскут) фемтосекундты лазермен жасалады (пышақсыз) қасаң қабықта қақпақ (лоскут) жасалады, содан кейін эксимерлі лазермен қасаң қабық формасы түзеледі.

Артықшылықтары:

Дәл және қауіпсіз

Тез қалпына келу (6 – 8 сағат)

Күрделі жағдайларға (көздерге) сай келеді

 

ReLEx SMILE (Лентикуланың рефракционды экстракциясы)

Принцип: Фемтосекундты лазер қасаң қабықтың ішінде әйнек пішіндес кескін жасайды, оны арнайы құралмен (арнайы пинцет) микрокесілген орын (2 – 2,5 мм) арқылы алып тастайды.

Көрсеткіштері:

Миопия (-10D дейін)

Астигматизм (-5D дейін)

Ерекшеліктері:

Қасаң қабыққа минималды күш түсіру

Максималды ерте қалпына келу (3 – 4 сағат)

Қабылдауға жазылу

Форманы толтырыңыз біз сізбен жақын арада хабарласамыз

Консультация алу үшін форманы толтырыңыз

Бізбен хабарласыңыз

Консультация алу үшін форманы толтырыңыз

Бізбен хабарласыңыз