Птеригиум

ПТЕРИГИУМ – конъюнктиваның қасаң қабықтың бетіне үшбұрыш пішіндес болып қатерсіз өсуі. Көп жағдайда ультрафиолеттің ұзақ әсерінен, көз құрғақтығынан және созылмалы тітіркеніден пайда болады.

  1. Консервативті ем

Профилактика мақсатында және алдыңғы дәрежелерінде пайдаланылады

Көрсеткіштері;

  • Көру қабілетіне әсер етпейтін улкен көлемді емес птеригиум
  • Қабыну және қызару (қатты өсу жоқ)

Әдістері:

  • Көз ылғалдандыратын тамшылар (жасанды көзжасы)
  • Қабынуға қарсы дәрілер (СЕҚҚД. кортикостероидтар)
  • УФ – сәуледен қорғау: UV – фильтрі бар күннен қорғайтын көзілдірік тағу

Эффективтілігі:

  • Өсуін тежейді, бірақ толық кетірмейді
  • Үзбей пайдалануды талап етеді
  1. Птеригиумның хирургиялық емі

Көру қабілеті төмендегенде, косметикалық дискомфорт кезінед және айқын өсу кезінде жасалады

Көрсеткіштері:

  • Көру қабілетін төмендете отырып, қарашықты жауып тұрады
  • Емге көнбейтін айқын қабыну
  • Тез өсу

 

Операция әдістері:

  • Қарапайым кесу – өскен тінді кесіп алып тастау

Кемшілігі – қайта өсу (рецидив) ықтималдылығының жоғары болуы (30 – 50%)

  • Конъюнктива аутопластикасымен жасалатын әдіс – птеригиумді кесіп алған соң, орнындағы дефектті пациенттің өз конъюнктивасынан алынған лоскутпен жабады.

Артықшылығы – қайта өсу (рецидив) ықтималдылығының төмен болуы (5 – 10%).

  1. Лазерлі ем

Птеригиумның хирургиялық еміне қосымша әдіс болып табылады. Эксимерлі лазер птеригиум алынғаннан кейінгі қасаң қабықтың зақымдалған аймағын тегістейді, әрі қантамырларды коагуляцалайды.

Артықшылығы:

  • Қан кетудің аз болуы
  • Нақты әрі дәлірек әсер ету көрсеткіші

Қабылдауға жазылу

Форманы толтырыңыз біз сізбен жақын арада хабарласамыз

Консультация алу үшін форманы толтырыңыз

Бізбен хабарласыңыз

Консультация алу үшін форманы толтырыңыз

Бізбен хабарласыңыз